Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты дөңгелек үстел өтті.

Оған аудандық соттың кеңсе қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шара бойынша аудандық соттың бас маманы - сот отырысының хатшысы Э.Серікбаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты  баяндама жасады.

Баяндамасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын айтып өтіп, әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы, оның ішінде қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары туралы толығырақ атап өтті.

Қатысушылар арасында туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі