Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Бекботаев өңірлік «Жаңақорған тынысы» газеті тілшісінің қатысуымен ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференция  барысында  ағымдағы  жылдың 1 тоқсанында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы аталып, мемлекеттік статистикалық туралы ақпарат берілді.

Аудандық сотпен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 33 адам жөнінде 21 қылмыстық іс, азаматтық істер бойынша 123 іс аяқталып, оның ішінде 79 шешім шығарылған, 115 адамға қатысты 115 әкімшілік іс, тергеу судьясының өкілеттігі бойынша 19 материал, қылмыстық пробация қызметінен сот актілерін орындауға қатысты түскен 43 материал қаралған. ҚР «Медиация туралы» Заңын қолданып 7 қылмыстық, 11 азаматтық іс қаралған. Сотқа түскен 134 талап арыз «Сот кабинеті» электронды жүйесі арқылы түскен. Шара барысында БАҚ өкілінің  тағы да басқа сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі