Жалған ақшаларды өткізбекші болған сотталушыға қатысты жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында жалған ақшаның теңгеге ұқсамайтынын, оның жай қағаздан, қолдан жасалғанын біліп, осы ақшадан құтылу мақсатында сатып өткізуді ойлап, өзінде сақтаған сотталушы Ш-ға қатысты сот үкімі шықты.

Сотта, жүк автокөлігінен 2000 теңге және 5000 теңге тауып алып, 19.04.2016 жылы Казкоммерцбанк АҚ Қызылорда филиалына келіп аталған ақшаларды ұсынып ауыстыруды сұраған, кассир қызметкері ақшаны тексеріп, ақшаның жалған екенін айтып өзіне қайтарғаны анықталған.

Осыдан кейін, 25.04.2016 жылы «Ұлттық банкі» АҚ-на өткізбекші болған кезде, сол банктің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерімен ұсталып, қылмысы әшкереленген.

Сотталушы Ш. ҚР ҚК-нің 231-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, оған тағайындалған 2 (екі) жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, осы мерзімге пробациялық бақылау орнату жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Источник: 
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі