Жалағаш аудандық сотында жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын өтті.

Аталған жиынға прокуратура, жергілікті полиция, әділет басқармасының өкілдерінің, сот орындаушылар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты сот саласы мен құқық қорғау органдары өкілдерінің жұмысына байланысты «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау болды.

Аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев, Елбасының жемқорлықпен күресу шараларына басты назар салып отырғанын айтып өтті.

Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің процессуалдық байланысқа жол бермеуі және жеңілдетілген сот тәртібінде істерді қарастырудың мүмкіндігін қолдану міндеттерін орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған бағдарлама қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануға бағытталған маңызды саяси құжат болып табылады. Бұл бағдарламада осы әлеуметтік мәселемен күресудің жолдары көрсетілген.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі