Жалағаш аудандық соты 2017 жылдың 3 айы жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Темірбаев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі қатысты.

Өз сөзінде Т.Темірбаев, 2017 жылғы 3 ай ішінде аудандық соттың өндірісіндегі барлығы 19 қылмыстық іс, 117 азаматтық, 111 әкімшілік іс  қаралып аяқталғанын айтып өтті. Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, есепті кезеңде  дыбыс-бейне жазбасына жазу арқылы  барлығы 247 іс  қаралған.

Сонымен қатар қазіргі таңда әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы түсуде. «Сот кабинеті» арқылы 117 талап арыз түскен.

Судьялардың VI съезінде Елбасымызбен дау мен жанжалдарды шешудің баламалы бағыттарын жандандыру қажеттігі атап өтілді. Аталған тапсырманың негізінде және Азаматтық процестік Кодексінің талаптарына сәйкес, Жалағаш аудандық соты бітімгершілік медиация тәртібімен келісімге келу тәсілдерін белсенді қолданып келеді.

Шараның қорытындысы бойынша Т.Темірбаев тілші қойған сұрақтарға жауап берді. 

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі