«Заңды күшіне енген сот актілерін орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы Г.Дүйсенованың жүргізуімен сот мамандарының арасында «Заңды күшіне енген сот актілерін орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді.

Семинар жұмысына  кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Іс–шараны кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова ашып,  заңды күшіне енген сот актілерін орындау барысында біз басшылыққа ҚР ҚПК және 2016 жылғы 5 наурызда бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесін басшылыққа ала  отырып жұмыс жасаймыз  деп айтып өтті.

Семинар барысында бас маман Г.Дүйсенова баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін атқару құжаттары орындауға жолданады. Егер сотталушы бас бостандығынан, айыппұл жазасынан басқа жазаға соталған жағдайда сотталғаннан қылмыстық-атқару инспекциясына келуге қолхат алынады.

Тергеу изоляторының әкімшілігіне қамауға алынған адамдардың саны бойынша үкім екі данада жолданады. Үкім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей соттың орындауына беріледі.

Сонымен қатар, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жолданатын хатта  соттың атауы сотталғанның аты-жөні, туған жылы, айы, күні, жазалау шарасы  көрсетіле отырып судьяның қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен бекітіліп хабарлама жолданады. Бұл жөнінде Ереженің 10 қосымшасында көрсетілгенін атап өтті.

Қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар