«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға қалалық сот судьялары К.Нурпейсова, Е.Шевцова, адвокат Б.Исакова, ІІБ қызметкері Г.Сулейменова, Әділет басқармасының қызметкері Ж.Омарова кеңсе меңгерушісі А.Жұбатханов және сот қызметкерлері қатысты.

Судья өз баяндамасында барлық адамдар өзінің адамгершілік абыройы мен құқығы жөнінен еркін әрі тең болып дүниеге келетінін айтып және әрбір адам, қандай да бір ерекшелігі болмасын нәсілі, жынысы, немесе ұлттық шығу тегіне қарамастан, ондағы жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуға тиіс екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, барлық адамдар заң алдында тең және қандай да бір кемсітушілік пен кемсітушілікке арандатудан заңмен қорғану бойынша тең құқыққа ие деп түсіндірді.

Судья қатысушылар тарапынан қызығушылық білдірілген сұрақтарға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берді.

Шараның соңында қатысушылар өзара пікірлерімен бөлісіп, аталған тақырыпқа ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі