Ұсақ бұзақылық азаяр емес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ағымдағы жылдың 3 айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» туралы 25-тарауындағы 434 баппен (Ұсақ бұзақылық) 215 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қаралған. Ал, 2016 жылдың осы кезеңінде сотпен аталған санатта 181 әкімшілік іс қаралған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының санкциясында, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу не  жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы көзделген.

Сонымен, көрсетілген мерзім ішінде сотпен 43 адамға қатысты әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалса 153 тұлға жалпы сомасы 2 452 739 теңгені құрайтын айыппұл салынып айыппұлдан 682 969 теңге ерікті түрде төленген. Ал, 2016 жылдың осы кезеңінде 71 тұлғаға жалпы сомасыф 1 138 977 теңгені құрайтын айыппұл салынған, одан 471 620 теңге ерікті түрде төленген.

Алайда, сотпен қолданылып жатқан шараларға қарамастан, ұсақ бұзақылықтар азаяр емес.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі