Тергеу судьясының өкілеттіктері аясында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының тергеу судьясы Ж.Жолдасов «Тергеу судьясының өкілеттіктері мен жұмысы барысында туындайтын мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Оған аудандық ІІБ-нің орынбасары С.Сыздық, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев және адвокат Қ.Жаппасбаева қатысты.

Судья Ж.Жолдасов баяндама жасап, Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 22-ші қадамында соттарда айыптау мен қорғаудың арасындағы теңгерiмдi қамтамасыз етуді, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтiн, барлық тергеу iс-әрекеттерiн санкциялау бойынша өкiлеттiктердi тергеу судьясына кезеңдi беруді қамтамасыз етудi белгілегенін атап өтті.

Осылайша, 2016 жылдың 1 қантарынан тергеу судьясы қызметінің тәртібін және өкілеттілігін реттейтін қылмыстық процестік заңнамаға өзгертулер енгізіліп, сот бақылауын күшейту шеңберінде тергеу судьяларының өкілеттілігіне қарап-тексеруді, алуды, тінтуді және жеке тінтуді санкциялау сияқты тергеу іс әрекеттері қосымша берілді.

Дөңгелек үстел барысында тергеу судьясы қарап-тексеруді, алуды, тінтуді, сонымен қатар, жеке тінтуді санкциялау туралы материалдарды қарау кезінде туындаған  мәселелерді айтып өтті.

Сондай-ақ, тергеу судьясы материалдарды ұсыну кезінде, сонымен қатар, санкцияларды, олардың пайда болу себептерін қарау кезінде орын алған кемшіліктерге назар аудартты.

Бұнан өзге, істің мән-жайын дұрыс анықтауға, заңды және дәлелді шешім шығаруға, сот қорғауына қол жетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін сот ісін жүргізу тілін ерікті таңдау қағидасын сақтауға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі