Темекі бұйымын сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б. әкімшілік жазаға тартылды.

Сотта анықталғандай, сауда дүкенінің сатушысы құқық бұзушы Б. кәмелетке толмаған Ш-ға 7 қорап темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 31766 теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі