Сырдария аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «100 нақты қадам Ұлт Жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот төрағасы А.Абдулла, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, Сырдария аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілі Б.Дүйсенбаев, жеке кәсіпкер С.Ақниязова және «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі А.Ибрагимұлы  қатысты.

 Іс шара барысында аудандық сот төрағасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот процесі бейнесінің толықтығын және сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария аудандық сотының барлық сот отырыс залдарында дыбыс-бейне жазбасы тіркеумен жабдықталғанын, сонымен қатар сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі жүзеге асырылғанын, сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот төрелігін жүзеге асыруда бюрократиялық кедергілерге тосқауыл болып, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіншілік жасалғанын айтты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы Қазақстан Республикасы сот органдарына талап арыз, өтініш беру, шағымдар және хаттар беру туралы ерекшеліктерін айтып өтті.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі