Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

5 сәуір 2017 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Жалпы 2017 жылдың 1 тоқсанында 7 қылмыстық іс 8 адамға қатысты қаралған, 3 қылмыстық іс келесі тоқсанға қалдыққа қалған.

Қаралған қылмыстық істердің ішінде 6 іс бойынша 8 адамға үкім шығарылған және 1 іс 1 адамға қатысты қысқартылған.

Есепті кезеңде 1 жекеше қаулы қабылданған.

Сонымен бірге, есепті мезгілде 84 талап арыз және 4 іс түскен, ал 7 іс өткен жылдан қалдықта қалған.

Есепті кезеңде барлығы 58 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 9 іс бойынша сот бұйрығы, 44 шешім қабылданған, 5 іс өндірістен қысқартылған.

Медиация тәртібімен 3 іс қаралған.

2017 жылдың 1 тоқсанында аудандық соттың өндірісіне 108 әкімшілік іс 108 адамға түскен.

Түскен  әкімшілік істердің  ішінде 101 іс 101 адамға қатысты қаралған, 1 іс 1 адамға  соттылығы бойынша жолданған, 93 іс 93 адамға қатысты әкімшілік жаза қолданылған, 8 іс 8 адамға қатысты қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 9 жекеше қаулы қабылданған. Медиация тәртібімен 2 іс қаралған.

Төраға қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, сот жүйесіне жаңа «Төрелік» жүйесі енгізілгені туралы, сондай-ақ аталған  жүйе арқылы қызметтің ақпараттық мәліметтермен жедел алмасуға, жоғары деңгейде сенімді және автоматтандырылған тіркеуді жүргізуге және іс жүргізу мерзімін сақтауды бақылау сияқты мәселелерді шешуге, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыруға, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді оңайлатуға мүмкіндік беретіні атап көрсетілді. 

Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы  БАҚ өкілдерінің  сұрақтарына жауап беріп,  сот жүйесінің деңгейін одан әрі  алға ілгерілету мен халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі