Сотта қаралған ұсақ бұзақылық істері бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова 2017 жылдың 3 айының қорытындысымен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде ұсақ бұзақылық фактілері бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында судья статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға сотта 2017 жылдың 3 айында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 338 әкімшілік іс қаралғандығын, оның 2-і ведомстволық бағыныстылыққа қатысты кері қайтарылғандығын, жалпы бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92 әкімшілік іске немесе 19% көбейгендігін атап өтті.  

Қаралған әкімшілік істер бойынша құқық бұзушылық адамдардың қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, ортақ пайдалану орындарын ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау, яғни айналасындағыларға сыйламаушылық танытқан іс-әрекетінен болғандығын білдірді.

Бұл санаттағы келіп түскен әкімшілік істер бойынша құқық бұзушы – 246 адамға әкімшілік айыппұл салынып, 22 адам әкімшілік қамаққа алынғандығын, ал 52 адамға тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылып, 16 адамға қатысты іс сот өндірісінен тоқтатылғандығын айтып көрсетті.

Қорытындылай келе, С.Утегенова брифингке қатысушыларға алғысын білдіре отырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын беріп, оларды азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру жолында одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі