Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы А. белгіленбеген орынға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Соттың қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі