Сот шешімімен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залал сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Б-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Арал қаласы Бақтыбай батыр мен Қызылорда көшелерінің қиылысында жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алған. Атап айтқанда, жауапкер Б. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, талап қоюшының автокөлігіне соғып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Осының негізінде талап қоюшы М. жауапкерден  автокөлікке келтірілген материалдық залалды өндіруді сұраған.

Сот шешімімен азамат М-ның талабы толық қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкер Б-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 140 000 теңге көлемінде материалдық залал өндірілетін болды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі