Сот шешімімен тұрғын үйге меншік құқығы танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның тұрғын үйге иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы А. өз арызында, 2005 жылы Қазалы қаласы Толыбеков көшесіндегі үйді Т-дан  сатып алғанын, соңғының  2016 жылы  қайтыс болғанын, 2005 жылдан бері бұл тұрғын үйді иеленуге заңды жолмен кіріскенімен, үйге меншік құқығы заңда белгіленген тәртіпте ресімделмегенін, аталған мерзімнен бастап осы күнге дейін аталған үйге иелік етіп, оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтеріп келгенін көрсетіп, тұрғын үйге иелену мерзімі  бойынша меншік құқығын тануды сұраған.     

Басты сот талқылауында, іс құжаттарына тіркелген төлем хабарламаларымен, салық төлем түбіртектерімен, азаматтарды тіркеу кітаптарымен талап қоюшының 2005 жылдан бастап аталған үйде тұрып, ашық, адал пайдаланып отырғаны бекітілді.

Соттың шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі