Сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

24 сәуір 2017 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Д.Қамзаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларына тоқталды.

Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын білдірді.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі