Сот бұрын сотты болған азаматқа әкімшілік қадағалау орнатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Л-ға әкімшілік қадағалау орнату туралы аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Л. бас бостандығынан айыру мекемесінен босағаннан кейін қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы” ҚР Заңының 2 бабының “в” тармағына сәйкес, әкімшілік қадағалау егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың құқықтарын үнемi бұзатын болса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген адамдарға орнатылады делінген.

Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот ішкі істер бөлімінің ұсынысын қанағаттандырып, аталған азаматқа 6 ай мерзімге әкімшілік қадағалау орнатып, заңмен көзделген шектеулерді белгіледі. 

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі