Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. жәбірленушілер А. мен Э-ның сенімдеріне кіріп көп қабатты тұрғын үйден пәтер алып беруге көмек беретінін айтып сендіріп, , нотариус куәландырған несие шартымен, әр қайсынан 1 200 000 теңгеден алып, барлығы 2 400 000 теңгесін алдау жолымен алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Сот, сотталушы А-ны ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыруға жазалады, жазасы жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі