Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. автокөлігімен жасанды кедергіні айналып, қос сызықты басып, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына жүруге арналған жағына шығып, құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы толтырылған.

Құқық бұзушы А.-ның құқық бұзушылық әрекеті, өз кінәсін мойындауымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс бойынша басқа да жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі