Шиелі аудандық сотында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Шиелі аудандық сотында аудандық сот судьяларының, пробация қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, прокуратура қызметкерлерінің, жергілікті баспасөз құралдары өкілдерінің қатысуымен қылмыстық істер бойынша сотталғандарға  қоғамдық жазаға тарту түріндегі жазаны қолдану мәселелеріне қатысты «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Шара барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза ұғымы, қоғамдық жұмысқа тарту мерзімі, аталған жұмыстарға тартылуға жатпайтын тұлғалар шеңбері, Қылмыстық атқару Кодексі бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау мәселелеріне тоқталып, сот өндірісінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза қолданылған істердің статистикалық деректерін жариялап, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны кеңінен қолдану мәселелерін атап өтті.

Аудан прокуроры Х.Жұмағұлова сот үкімімен белгіленген қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларға прокурорлық қадағалау мәселелеріне тоқталды.

Пробация қызметінің өкілі Б.Сүлейменов қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімін есептеу, жаза өтеу шарттары, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық мәселелері, пробация қызметінің жазаны орындау кезіндегі өкілеттіліктері жайлы әңгімеледі.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмаханов, «Халықты жұмыспен қамту Орталығы» КММ-нің басшысы А.Аманов  жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіліктері, аталған жазаны орындау барысында атқарылып жатқан мәселелерге тоқталды.

Өткізілген «дөңгелек үстел» қорытындысымен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қолдану аясын кеңейту мақсатында Шиелі аудандық соты, аудандық прокуратура, аудандық пробация қызметі және аудан әкімдігі арасында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, қол қойылды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі