Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 7- сәуірінде Шиелі аудандық сотында ағымдағы жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі А.Батырбеков қатысты.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында аудандық сот өндірісіне 30 қылмыстық іс, 164 әкімшілік іс,  266  талап арыз түскен.

Есепті мезгілде 30 қылмыстық іс қаралып, 15 іс бойынша 17 адамға үкім шығарылған, 11 іс 12 адамға қатысты тоқтатылған және 1 іс 1 адамға қатысты прокурорға кері қайтарылған. 8 адамға қатысты 8 іс медиация тәртібімен  аяқталған.

Осы кезеңде 231 азаматтық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 151 шешім, 55 сот бұйрығы шығып, 17 арыз қараусыз қалдырылып, 5  азаматтық іс бойынша тоқтату ұйғарымдары қабылданған.

Сотқа түскен  әкімшілік істердің  ішінде 164 іс 164 адамға қатысты қаралған,  142 адамға әкімшілік жаза қолданылған, 17 адамға қатысты  іс өндірістен тоқтатылған.

Сот төрағасы  бүгінгі таңда барлық қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырыстары 100%  үн-бейне жазба құрылғысын қолданумен өткізілгендігін айтты.

Жиын соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап берді.                                              

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі