Сенің дауысың маңызды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңға сәйкес Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Сайлауға қатысу, өз елінің тағдырын шешуге қатысу – әр бір азаматтың парызы. Әр адамның дауысы маңызды.

Еліміздің саяси өмірінен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері де тыс қалған жоқ. 20 наурыз 2016 жылы соттың судьялары мен сот қызметкерлері кәмелетке толған жанұя мүшелерімен бірге сайлау учаскелеріне барып дауыстарын берді, өз таңдауларын жасады. 

Қайнар: 
Қаракөз Сарсенбаева, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі