Сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көктемнің шұғылалы Наурыз мерекесі қарсаңында облыс аумағындағы барлық соттарда сенбілік өткізілді.

Байқоңыр қалалық, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарының ұжымы да аталған іс-шараға белсенді қатысты. Салқын және жел болып тұрған ауа райына қарамай сот мамандары аулаларын тазалап, талдарды әктеп, гүл егетін жерді аударды.

Қыздар жағы болса кабинеттер мен сот залдарын, дәліздерді тазалады. Осылайша  жоғары дәрежеде пайдалы іс-шараға өткізілді. 

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарының баспасөз қызметі