Рақымшылық заңы қолданылып жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жеке сот орындаушының сотталушы А-ны «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының 1 бөлігіне сәйкес айыппұл жазасынан босату туралы ұсынысы қаралды.

«Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөлігінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Сот жеке сот орындаушының ұсынысын қарап, сотталғанның өзіне қатысты рақымшылық жасауға қарсы емес екендігі жөнінде пікірін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігінің және Рақымшылық жасау туралы Заңның  2-бабының 1-бөлігінің негізінде, оны сот үкімімен тағайындалған жазадан босату жөнінде қаулы етіп, жеке сот орындаушының ұсынысын қанағаттандырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі