Рақымшылық заңы аясында қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында  бөтен мүлікті, өзінің қызмет бабын пайдаланып, иемденіп, ашық жымқырғаны үшін сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

Сотталушы Б. ЖШС-нің директоры бұйрығымен сауда өкілі лауазымына тағайындалып, толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шартқа отырып, оған толық материалдық жауапкершілік жүктелген.

Сөйтіп, сотталушы Б. ЖШС-де қызмет атқарып жүріп, материалдық жауапты тұлға бола тұра, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті, өзінің қызмет бабын пайдаланып, иемдену қылмыстық құқық бұзушылық ниеті туындап, қаржылық құжаттар арқылы 12 миллион теңге кірістен 272 102 теңгені жымқырған.

Сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот Б-ны «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағына сай жазадан босатты.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі