Пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, Қызылорда ҚІІБ-нің тергеушісі Д. тергеу өндірісіндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен тіркелген қылмыстық іс бойынша күдікті И-ден қылмыстық істі өндірістен қысқарту үшін 150 000 теңге пара сұрап, сол күні 50 000 теңгесін алған,  ал ертесіне Қызылорда ІІБ-нің ғимаратының алдында 100 000 теңге пара ретінде алып жатқан жерінен ұсталған.

Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқынан өмір бойына айырыла отырып, параның 60 еселенген мөлшерінде 9 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі