«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингті судья М.Сарсенов жүргізді.

Брифингте судья оңалту және банкроттық заңнаманы қолданудың сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелеріне тоқталды. Аталған заңның кредиторлар талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға дәрменсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, жеделдетілген оңалту рәсімін, қолдану және борышкерді банкрот деп тану негіздерін белгілейді, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудің тәртібі мен шарттарын айқындайтындығын айтты.

Сонымен қатар, судья М.Сарсенов статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 652 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде оңалту және банкрот деп тану бойынша 47 арыз түскенін, оның 36 азаматтық ісі бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Брифинг соңында судья қойылған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныңбаспасөз қызметі