Облыстық сотта семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, алқа судьялары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Іс-шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Семинар барысында Қызылорда  облыстық  сотының  судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Гүлсім Таңатова, облыстық соттың судьясы Светлана Жуынтаева, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайратбек Бержанов, Арал аудандық сотының судьясы Дидар Мұратбекұлы, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Нұрлан Еламанов сөз сөйледі.

2017 жылдың тамыз айында апелляциялық сатыда бұзылған және өзгертілген сот актілері туралы судья С.Жуынтаева айтып өтті.

Судья Н.Еламанов баяндамасында істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері, судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері, алдын ала сот отырысы барысы туралы кеңінен тоқталып, бірқатар ұсыныстар білдірді.

Талап қоюды қамтамасыз ету және заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарау барысында жіберілетін кемшіліктер туралы Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы айтса, бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы мен осы санаттағы істерді қарау барысында жіберілген кемшіліктерге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов тоқталып өтті.

Г.Таңатова өз баяндамасында «ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 29.08.2017 жылғы қаулысын, сонымен қатар, келіп түскен хаттарды тақылау тақырыбында талдау жасады

Шара барысында қатысушылар алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болғызбау мәселесіне көңіл бөліп, тиімді процессуалдық шараларды қолдануды қолға алу керектігін айтып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі