Мәселелердің шешімі дөңгелек үстел басында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова мен судьялар Қызылорда қалалық прокуратурасының прокурорымен және қала төңірегіндегі жерлерді пайдалану мен қолдануға жауапты мекемелер өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесті.

Талқыланған негізгі мәселе жер телімдері мен ондағы құрылыстарға меншік құқығын тану туралы азаматтық істердің мерзімінде қаралуын қамтамасыз ету болды. Құзыретті органдар тарпынан міндетті түрде табыс етілуге жататын құжаттар түрлері, талапкер жеке тұлғалардың дәлелдемелер табыстауда құлықсыздығы және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің шығып қарау жолымен өткізілетін азаматтық істерге міндетті түрде қатысуы сияқты сұрақтар жан-жақты талқыланды.

Прокуратура органдарымен бірлесе отырып орын алған мәселелерді шешу жолдары белгіленіп, жерге жауапты мекемелер өкілдеріне сот шешімін қабылдау үшін қажетті материалды жинау мен сотқа ұсынуға қатысты атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыруға қатысты ұсынымдар берілді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі