Мектеп директоры сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық соты мектеп директорына қатысты қылмыстық істі қарап, үкім жариялады.

Э. ауылдық мектепте директор қызметін атқарып жүріп, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М-дан қосымша 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 000 теңге талап еткен.

Мектеп директоры 5 000 теңгені алу кезінде ұсталған.

Сот үкімімен Э. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеп, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде 250 000 (екі жүз елу мың) теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі