Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Т. көлік құралын басқарып, бекітілген тәртіппен алкогольды масаң күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.    

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі