Медиация заңының қолданылуы аясында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингті судья Ғ.Бекмамбетов жүргізді. Брифингте бүгінгі таңдағы медиация заңының сот тәжірибесінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығы аталды. Сонымен қатар, Медиация – жанжалдарды шешу кілті және дауларды реттеу баламасы екендігі, сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету болып табылатындығы, осылайша, тараптардың уақыты мен қаражаты үнемделіп, сот жұмысы жеңілдейтіндігі атап өтілді.

Брифинг барысында судья Ғ.Бекмамбетов статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға 2017 жылдың 1 тоқсанында 4 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен және 3 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын және осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылғанын атады.

Шара соңында судья Ғ.Бекмамбетов БАҚ-ның өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі