Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары қайырымдылық акциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары тұрмысы төмен отбасы Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны Өткелбаева Айжанның отбасында болып азық-түлік өнімдерімен, тұрмысқа қажетті заттармен,балаларына киім мен ойыншықпен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

Азаматша А.Өткелбаеваның тұрмысы өте төмен, жанұясында  кәмелетке толмаған төрт баласы бар, жалғыз басты ана, жұмыссыз, жалдамалы пәтерде тұрып жатыр, тек балалардың жәрдем ақысымен күн көріп отырғаны анықталды.

Қайырымдылық көмегі үшін азаматша А.Өткелбаева Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьяларына алғысын білдіріп, жұмыстарына  табыс  тіледі.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі