Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков сотта  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2),3) тармақтарымен сотталушы Ш. оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлық жасап, тұрғын үйге терезе арқылы кіріп, жәбірленуші И-ге 200 000 теңге мүліктік шығын келтірген. Осыдан кейін, өзінің әрекетін әрі қарай жалғастырып, тұрғын үйге заңсыз кіріп, аталған үйдің заттарын жасырын жымқырып, жәбірленуші Г-ге 354 400 теңге мүліктік шығын келтірген. Қылмыстық іс бойынша судья А.Сұлтанбеков журналист қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот  үкімімен сотталушы Ш.  Қазақстан  Республикасы ҚК–нің 188–бабының 2–бөлігінің 2,3) тармақтарымен кінәлі деп танылып,  мүлкі тәркіленіп 3 жылға бас бостандығын шектеуге жаза тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Сот үкімі  заңды  күшіне  енбеген.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі