Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.Әбу  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға келген Қызылорда қаласының тұрғыны Бердалиева Ләззат келіп, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Қабылдауда болған Л.Бердалиеваға заң нормаларын  түсіндіріп, сауалдарына жауап  берді.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі