Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының төрағасы М.Ибрашев пен судья Ш.Қожантаев тікелей эфирде сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев пен судья Шалқар Қожантаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  және  «Сот жүйесінде  жаңа технологияларды қолдану  аясы» тақырыбында Қоғам телеарнасының «Мезгіл мәселесі» бағдарламасына қатысып тікелей эфирде сұхбат берді.

Сот төрағасы М.Ибрашев  2017 жылдың 3 шілдесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген  өзгерістер мен  толықтыруларға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты енгізілген өзгерістерді атап  көрсетті. 

Судья Ш.Қожантаев сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру  мақсатында  атқарылып  жатқан  жұмыстарға  тоқталды.

Атап айтқанда, қолданыстағы «Сот кабинеті» сервисі, сот мәжілістерінің   дыбыс-бейне жазба қондырғыларын қолдану арқылы қаралып жатқанын, сонымен  қатар, әкімшілік қамауға алынған құқық бұзушыларға қатысты Қызылорда ҚІІБ-не  қарасты арнайы қамау орны мекемесі мен әкімшілік сотының сот залдары арасында арнайы орнатылған жүйе арқылы бейнебайланыс тәртібімен қаралып  жатқандығын  атап  өтті.

Сонымен  қатар, бағдарламада басқа да  өзекті сұрақтар қойылып,  олар  бойынша жауаптар  берілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі