Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша баспасөз коференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

2017 жылдың 3 айында 1590 әкімшілік іс келіп түскен, оның ішінде 1478 іс негізінен қаралып, 1352 адамға әкімшілік жаза тағайындалған, 52 адамға қатысты тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған, 73 әкімшілік іс сот өндірісінен тоқтатылған болса, оның 23-і медиация тәртібімен аяқталған.

Жалпы 2017 жылдың бірінші тоқсанында келіп түскен әкімшілік істер саны 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 267 іске яғни 17 % көбейгені байқалады.

Есептік мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесін қолдану арқылы қаралған.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы  М.Ибрашев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі