Қызылорда қалалық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат П. сотқа туылғандығын тіркеу заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз келтірді.

ҚР АПК-тің 305 бабына сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Қалалық АХАЖ бөлімінің қорытындысына сәйкес, арызданушыға туу туралы куәлікті қалпына келтіруден бас тартылған.

Аталған фактіні анықтаудың арызданушы үшін заңдық маңызы бар.

Іс бойынша анықталған мән-жайларды назарға ала отырып, заң нормаларына және соттағы нақты мәліметтерді зерттеулерге сүйеніп, сот туылғаны туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз негізделе отырып берілген және қанағаттандыруға жатады деп есептеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі