Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында жергілікті басылымдар тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Ж.Сарбасова сотта қаралған болған азаматтық іс бойынша хабарлама жасады.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес, талапкер М. жауапкер О-мен заңды некелері бұзылғандығын айтып некеде тұрған уақыттағы ортақ мүліктеріндегі үлесін анықтауды және ортақ мүлік пен ортақ борышты бөлуді сұраған.

Іс қарау барысында жауапкер ортақ мүліктегі өз үлесінен толық бас тартатынын білдіріп дауды бітімгершілікпен шешуді сұрады.

ҚР АПК-нің 48 бабына сәйкес тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, алайда бұл келісім заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді. Судья Ж.Т.Сарбасова тараптардың дауды реттеу туралы келісім шартын зерттеп және жақтарды тыңдап аталған дәлелдер орын алмаған және бітімгершілік келісім бекітуге жатады деген қорытындыға келді.

АІЖК-нің 278-бабы талабына сәйкес сот істі қысқартудың тәртібі мен салдарын тараптарға түсіндірді.

Тараптар бітімгершілік келісімін жасасып және сот оны бекітуіне байланысты 277 баптың 6 бөлігіне сәйкес, сот іс  бойынша іс жүргізуді тоқтатты.  Ұйғарымда талап қоюшыға талаптану кезінде төленген баж салығының сомасы қайтарылатындығы көрсетілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі