Қызылорда қалалық сотында азаматтардың арыз-шағымдарын қарау бойынша жасалған шолуды талқылау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында азаматтардан түскен арыз-шағымдар барысы талқыланды. Талқылау сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекованың, судьялардың және кеңсе мамандарының қатысуымен өтті.

Азаматтардың сотқа арыз шағым келтіретін негізгі тақырыптары жайлы айтылып, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова талқылаудың арыз-шағымдарда көрсетілген өз негізін тапқан кемшіліктерді назарға алып, болашақта қайталамау мақсатында өткізіліп отырғандығын ескертті.

Бұл жерде азаматтық істердің  қаралуына қатысты емес арыз шағымдар негізге алынғандығын айта кету керек.

Негізінен азаматтар өздерінің жеке меншігіндегі жылжымайтын мүліктерін, оның ішінде автокөліктерін, иелену мен пайдалану құқын қорғау тәртібін түсіндіру, сот шешімін орындау барысында бұзылған құқықтарын қорғаудың тәртібін түсіндіру тақырыбында сотқа арыз шағым түсіреді.

Барлық арыз шағымдар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 12 қаңтар 2007 жылғы №221 санды Заңының талаптарына сәйкес мерзімінде қаралып, жауап берілген.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі