Қылмыстық сотта «Медиацияның ерекшелігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиацияның ерекшелігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын сот төрағасы ашып, сөз кезегін баяндамашы бас маман – сот отырысының хатшысы Ж.Жұбатыровқа  берді.

Ол өз баяндамасында Медиация – даулы мәселелерді шешудің кілті, оларды шешудің альтернативасы. Екі тарапты да қанағаттандыратын өзара тиімді, бейбіт келісім және даулы мәселелердің көлемінің азаюын, даулардың сотқа дейінгі шешілуін қамтамасыз ететінін, яғни, тараптардың уақыты мен қаржыларын үнемдеп және соттың жұмысын жеңілдететінін айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі