Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 1 курс студенттері келді. Олар сот жүйесіндегі өзгерістер туралы, соттың қарауына жататын істер санаты туралы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы, жалпы сот саласына қатысты сұрақтар қойды.  

Сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров қойылған сұрақтарға жауап беріп, одан басқа, сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы, сот процестерінің аудио-бейне жазбалары туралы, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау және т.б. жаңалықтар туралы айтып өтті.  

«Ашық есік күні» - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, іс шара айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап алуына болады.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі