Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы Қорқыт Ата көшесінде алкогольдік масаң күйде болып, Қызылорда қаласының №2 сотының 22.06.2016 жылғы қаулысының және ҚІІБ-мен бекітілген шектеу талаптарын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Алайда, сот іс құжаттарын зерттеп, бұндай жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган Қызылорда ІІБ-ның К-ға қатысты Қызылорда қаласының №2 сотына шартты түрде мерзімінен босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы ұсыныс еңгізуге тиісті екенін анықтады.

ҚР ӘҚБтК-ң 669-бабы бойынша әкімшілік ісі, құқық бұзушы К-нің әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, өндірістен тоқтатылып, ол әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі