Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынғаны анықталған.

Алайда, азамат К. өз үйінде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі