Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра қылмыстық теріс қылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында азамат Е-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, сотталушы Е. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Шиелі кенті  «Шымкент-Самара» тас жолының бойында спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде көлік басқарып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 40 айлық есептік көрсеткіш – 90 760 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енбеген.                     

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі