Қазалы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін сотқа жолдау  және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қойылатын талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Қ.Темірбаев өз баяндамасында, жекеше айыптау шағымында, ҚР ҚПК-нің 408-бабының 2-бөлігінде көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс екендігін, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру, істерді жолдау барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

Дөңгелек үстелде жекеше айыптау істерін сотқа жолдау, арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларды толтыру, істерді қарау барысында туындайтын сұрақтары мен оларды қарау ерекшеліктері талқыланды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша сот төрағасы ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларының талаптарын басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс, әрі сапалы рәсімделуіне аса көңіл бөлуді ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жеке айыптау істерін ҚР ҚПК-нің 408-бабына сәйкес жолдау туралы тұжырымға келді. 

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі