Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Д» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен 01.02.2017 жылғы тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес заңды тұлға «Д» ЖШС-не 13.12.2016 жылғы берілген ҚР еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама талаптарының орындалуына бақылау жүргізіліп, нәтижесінде аталған ЖШС-нің жұмыскеріне 2016 жылдың жалақысын толық және уақытылы төлеуге шаралар атқармай бұзушылықтарды толығымен жоймағаны анықталды.

Құқық бұзушы заңды тұлға «Д» ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-ң 462 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қызметін 1 /бір/ айға тоқтата тұрып, 100 /жүз/ АЕК көлемінде 226900 /екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз/ теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі