Енесінен ірі мөлшерде ақша жымқырған келіннің қылмыстық ісі бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталған Ж.-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Ж. үйінің ауласында орналасқан сарайда тұрған, өзінің енесінің сандығының құлпын кілтпен ашып, сандық ішінде тұрған 3 200 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, жәбірленушіге ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Ж.-ның қылмыстық әрекеті өзінің мойындап берген жауабымен, жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен және істегі басқа да жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы Ж.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ сотталушы  Ж.-дан жәбірленуші  Қ.-ның пайдасына 2 350 000  теңге, мемлекеттік баж алымы 23 500 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Шара соңында төраға Қ.Темірбаев тілші тарапынан қылмыстық іс бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі