Діни мазмұндағы кітап өткізген үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қаласының  мамандандырылған  әкімшілік  соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К. мешіт алдында діни мазмұндағы кітаптарды өткізіп, таратудағы әрекеті үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-ң 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған қызметін 3 ай мерзімге тоқтата тұрып, діни мазмұндағы кітаптары жойылып, 50 АЕК көлемінде 113 450 теңге, 30 пайызға қысқартылып, 79415 теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі